Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін қайта басқарады

Опубликовано:

Тағайындау
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 

  • 2011 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамашысы, сарапшысы;
  • 2011 жылдың тамызынан 2013 жылдың наурызына дейін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы;
  • 2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін Көлік және коммуникациялар министрлігі Транзиттік және көліктік логистика департаменті Транзиттік саясат басқармасының басшысы;
  • 2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы маусымға дейін ОҚО әкімдігі жанындағы "Максимум" өңірлік инвестициялық орталығы" ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
  • 2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қазанға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары;
  • 2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы наурызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы;
  • 2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда Департаменттің функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілді;
  • 2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы шілдеге дейін ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы;
  • 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;
  • 2023 жылғы қаңтардан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015354-marat-karimzanuly-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-ministri-lauazymyn-saqtap-qaldy/

pixel