Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымында қалды

Опубликовано:

Зүлфия Болатқызы
Зүлфия Болатқызы. Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Мемлекет басшысының жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірді, 2014 жылы осы университетте халықаралық қатынастар магистрі атанды, 2016 жылы Жапониядағы Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD докторы дәрежесін қорғады.

2013-2014 жылдары Қазақстанның Жасыл экономика коалициясында сарапшы болып жұмыс істеді.

2014-2015 жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер болды.

2015-2018 жылдары Бангкокта (Тайланд) БҰҰ ЭСКАТО Қоршаған орта саясаты мен қоршаған орта және даму дивизионын дамыту секциясында консультант болды.

2018-2019 жылдары Түрікменстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында халықаралық консультант, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында ұлттық консультант, Бангкокта (Тайланд) БҰҰ ЭСКАТО-ның Қоршаған орта саясаты мен қоршаған орта және даму дивизионын дамыту секциясында кеңесші қызметтерін атқарды.

2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2021-2022 жылдары парламент мәжілісі VII шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

2022 жылғы наурыздан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

2023 жылғы 4 қаңтардан бастап президент жарлығымен экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015376-zulfiya-bolatqyzy-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-ministri-lauazymynda-qaldy/

pixel