Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Алмасадам Сәтқалиев
Алмасадам Сәтқалиев. Фото: sk.kz

Президент жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "механик, қолданбалы математик" мамандығы бойынша, Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті.

2001-2006 жылдары "КEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті.

2006-2007 жылдары "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2008-2009 жылдары – "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ бірінші вице-президенті.

2009-2011 жылдары – "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ президенті.

2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры.

2011- 2018 жылдары – "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы.

2018-2021 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болған.

2021 жылғы наурыздан бастап осы тағайындауға дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015387-almasadam-satqaliev-energetika-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/