jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Бұрынғы энергетика министрі Болат Ақшолақов Тоқаевтың кеңесшісі болды

    Болат Ақшолақов
    Болат Ақшолақов. Фото: https://t.me/KZgovernment

    Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

    Ақшолақов Болат Оралұлы 1971 жылғы 4 сәуірде Атырау қаласында туылған.

    2006-2008 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі,

    2012-2014 жылдары Мұнай және газ вице-министрі,

    2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі,

    2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Энергетика министрі қызметін атқарды.

    Болат Ақшолақов еңбек жолын 1994-1995 жылдары Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі болып бастаған.

    1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры;

    1997-2001 жылдары "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары;

    2001-2003 жылдары Commonwealth and British Services Ltd бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры;

    2003-2006 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;

    2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;

    2009-2010 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры;

    2010-2011 жылдары "PSA" ЖШС Бас директоры;

    2011 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» АҚ Президенті;

    2012-2014 жылдары Мұнай және газ вице-министрі;

    2014-2017 жылдары "Almex Petrochemical" ЖШС Бас директоры;

    2016 - 2017 жылдары "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Бас директоры;

    2017- 2019 жылдары Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі;

    2019-2021 жылдары "KAZENERGY" қауымдастығының Бас директоры;

    2019-2021 жылдары "Almex Petrochemical" ЖШС Бас директоры;

    04.2021-10.01.2022 - "Самұрық-Қазына" АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

    2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.