Ауыл шаруашылығы және Оқу-ағарту министрлері де өз лауазымында қалды
Жарияланған күні:
Еліміздің Ауыл шаруашылығы және Оқу-ағарту министрлері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына, Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстанның Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Ербол Қарашөкеев те, Ғани Бейсембаев та бұған дейін аталмыш ведомстволарды басқарған болатын.
Ербол Қарашөкеев еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі болып 2021 жылғы 1 қыркүйекте тағайындалса, Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болып 2023 жылғы 4 қаңтарда тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015405-erbol-qarasokeev-te-auyl-saruasylygy-ministri-lauazymynda-qaldy/