jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев "Теңізшевройл" ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай бірқатар азаматты марапаттады

    Тоқаев "Теңізшевройл" ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай бірқатар азаматты марапаттады
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік қызметке сіңірген ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ "Теңізшевройл" ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай бірқатар азаматты марапаттады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

    Мемлекет басшысының жарлығымен өндірістік қызметке сіңірген ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ "Теңізшевройл" ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай наградталды:

    "Құрмет" орденімен:

    1. Оразов Жанұзақ, еңбек ардагері;

    2. Сейтаев Жеңіс Сейітжапарұлы, еңбек ардагері;

    3. Сүйесінов Көбентай, еңбек ардагері.

    III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен:

    1. Әбілғазиев Мұхит Малашұлы, еңбек ардагері;

    2. Қарабалин Мырзақуат Әбілқайырұлы, еңбек ардагері;

    3. Торопкин Леонид Иванович, еңбек ардагері;

    4. Ұйпақов Айтқали Жиенәліұлы, еңбек ардагері.

    "Ерен еңбегі үшін" медалімен:

    1. Бижанов Данияр Сақтапұлы, "Теңізшевройл" ЖШС екінші буындағы зауытының басқарушысы;

    2. Ерниязов Болат Тұрғалиұлы, еңбек ардагері;

    3. Жәкиев Орынбай Ысмағұлұлы, еңбек ардагері;

    4. Инебаев Руслан Қаршығаұлы, "Теңізшевройл" ЖШС біріктірілген өндірісті басқару орталығының басшысы.

    Сонымен қатар президенттің Құрмет грамотасымен "Теңізшевройл" зауытының басшысы Нұрлан Бектаев марапатталды.

    Тоқаев "Теңізшевройл" ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай бірқатар азаматты марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.