Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Опубликовано:

Асхат Жұмағали
Асхат Жұмағали. Фото: instagram.com/askhatzhumagali79

Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Асхат Жұмағали 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.

2001-2010 жылдары – прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды, атап айтқанда Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, Бас прокуратураның Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Бас прокурордың аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2012-2014 жылдары – Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі, Тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы;

2014-2016 жылдары – Бас прокурордың аға көмекшісі;

2016-2018 жылдары – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры;

2018-2019 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары;

2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;

2019-2021 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;

2021-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы 7 наурыздан бастап жаңа қызметіне дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болған.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған Олжас Бектенов Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015511-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmettin-zana-toragasy-tagaiyndaldy/

pixel