Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Мұқышев Қазақстаннан ШЫҰ қызметі жөніндегі үйлестіруші болып тағайындалды

Опубликовано:

Мұрат Мұқышев
Мұрат Мұқышев. Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстаннан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Мұрат Алтынғазыұлы 1983 жылы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлыбританиядағы Бирмингем университетін бітірді.

Дипломат мансабын 2006 жылы СІМ Азия және Африка департаментінің референті болып бастады.

Әр жылдары Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің атташесі, Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы, парламент сенаты аппаратының халықаралық комуникациялар және хаттама бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар Пекин қаласындағы ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы. Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, СІМ Азия-Тынық мұхит өңірі департаменті ШЫҰ басқармасының басшысы лауазымында болған.

Мұрат Мұқышев СІМ ШЫҰ қызметі жөніндегі Ұлттық үйлестіруші басқармасының басшысы, СІМ Азия-Тынық мұхиты өңірі департаменті директорының орынбасары, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметтерінде де еңбек етті.

Бұдан бөлек 2023 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі лауазымына тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015667-murat-muqysev-sanxai-yntymaqtastygy-uiymy-qyzmetinin-maseleleri-zonindegi-ulttyq-uilestirusi-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel