Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Тортаев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Бауыржан Тортаев
Бауыржан Тортаев. Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Aқорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Бауыржан Тортаев 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туылған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Ол 1991-1995 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.

1996-1997 жылдары Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы;

1997-1998 жылдары Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;

1998-1999 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;

1999-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;

2002-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;

2008-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2010-2011 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2011-2017 жылдары Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2017-2019 жылдары Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015671-toqaev-bauyrzan-tortaev-qazaqstan-respublikasy-qorganys-ministrinin-orynbasary-lauazymynan-bosatty/

pixel