Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады (фото)

Опубликовано:

Президент Малайзия елшісінен сенім грамотасын қабылдауда
Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Малайзия елшісінен сенім грамотасын қабылдауда. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Ақорда" резиденциясында төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өткен.

Сенім грамоталарын Малайзия елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукар тапсырған.

Ал мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан үкіметі оларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің аталған мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстарды қоса алғанда, барлық салада тығыз қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктес екенін жеткізген.

Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін айтқан.

Рәсім соңында президент елшілердің алдағы қызметіне табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015736-toqaev-birqatar-memlekettin-elsilerinen-senim-gramotalaryn-qabyldady-foto/

pixel