Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев еліміздің бас мүфтиін қабылдады

Опубликовано:

Наурызбай қажы Тағанұлы және Қасым-Жомарт Тоқаев
Наурызбай қажы Тағанұлы және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Кездесу барысында бас мүфти мемлекет басшысына Рамазан айында еліміздің әрбір аймағында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралар жөнінде мәлімет берген.

Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамда дәстүрлі ислам дінін кеңінен дәріптеу және ел игілігі мен бірлігі жолында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндаған.

Бас мүфтидің айтуынша, діни басқарма осы жылды "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жариялаған. Оның аясында жыл бойы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады. Бұдан бөлек ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі исламға басымдық беру үшін алдағы уақытта бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Өз кезегінде мемлекет басшысы мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу маңызды екенін айтқан.

Сондай-ақ қасиетті Рамазан айына орай еліміздің барша мұсылманына ізгі тілегін жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015763-toqaev-elimizdin-bas-muftiin-qabyldady/

pixel