Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсет Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Әсет Мағауов
Әсет Мағауов. Фото: facebook.com/KAZENERGY

Әсет Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Әсет Мағауов 1972 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

И.М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы "Теңізмұнайгаз" АҚ экономика бөлімінің экономисі қызметінен бастаған. 

Әр жылдары Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, "Қазақойл", "Мұнай және газ көлігі", "Теңізшевройл", "ҚазМұнайГаз", "МаңғыстауМұнайГаз" компаниялары құрылымдарында қызмет еткен.

Сондай-ақ Энергетика және минералдық ресурстар (2008-2010 жылдары), Мұнай және газ (2010-2011 жылдары), Энергетика (2016-2017 жылдары) вице-министрі, "KazEnergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ бас директоры болған.

2019 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015833-aset-magauov-energetika-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel