Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кішкентай болса да ширақ": Ақорда Тоқаевқа сыйға берілген тазы күшігін көрсетті

Опубликовано:

Тазы күшігі
Тазы күшігі. Фото: t.me/bort_01

Наурыз мейрамында президент Тоқаевқа Наурыз есімді бір жарым айлық Тазы күшігі сыйға тартылған болатын. "Борт №1" Telegram-арнасында күшіктің суреті жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

21 наурызда асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Наурыз есімді тазы күшігін сыйға берген еді. Ол кезде күшік бір жарым айлық болды.

Сол уақытта президент тазыны халықаралық деңгейде насихаттаудың маңыздылығын атап өткен болатын.

"Тазы - ерекше жануар. Бұл ит - қазақта жеті қазынаның бірі. Тазы мен төбет тұқымын халықаралық аренада кеңінен насихаттауымыз керек", - деді мемлекет басшысы.

Бүгін Ақорда біршама өскен Наурыздың суреттерін көрсетті.

"Бұл енді сол қоржындағы дірілдеп жатқан күшік емес, көз ілестірмес епті күшікке айналды. Біз Наурыздың алғашқы аңға шыққанын, оның жетістігін, есеюін міндетті түрде көрсетеміз. Кім біледі, бір күні Ақорданы қорғайтын шығар" – деп жазды жазба авторлары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015921-kiskentai-bolsa-da-siraq-aqorda-toqaevqa-syiga-berilgen-tazy-kusigin-korsetti-foto-video/

pixel