Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конституциялық сот Тоқаевтың өтінішімен бірқатар құқықтық актіні тексерді

Опубликовано:

Конституциялық сот ғимараты
Конституциялық сот ғимараты. Фото: Ақорда

Конституциялық сот президенттің өтініші бойынша парламент қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарады, деп хабарлайды ведомство Telegram арнасында.

Конституциялық соттың хабарлауынша, ведомство президенттің 2023 жылғы 29 наурыздағы өтініші бойынша парламенттің 16 наурызда қабылдаған және мемлекет басшысына қол қоюға ұсынған мына нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексерді:

  • Әлеуметтік кодекс;
  • "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы" Конституциялық заңы;
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы; 
  • "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы;
  • "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңы;
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы.

Конституциялық соттың қорытынды шешімінің толық мәтінімен осы сілтеме және мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016030-konstituciyalyq-sot-toqaevtyn-otinisimen-birqatar-quqyqtyq-aktilerdi-tekserdi/

pixel