Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"53-і әр түрлі деңгейдегі басшылар": бірінші тоқсанда елмізде 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкере болған

Опубликовано:

шенеунік
Шенеунік. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Асхат Жұмағали президентке еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жөнінде есеп берген. Атап айтқанда, бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Оның 53-і әр түрлі деңгейдегі басшылар.

Асхат Жұмағалидың айтуынша, биыл 23 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған "Бизнеске жол" жобасы іске қосылған. Жоба аясында шамамен 7 мың кәсіпкер көмек алып үлгерген.

Қасым-Жомарт Тоқев және Асхат Жұмағали
Қасым-Жомарт Тоқев және Асхат Жұмағали. Фото: akorda.kz

Бұдан бөлек, ол мемлекет басшысына жемқорлыққа жол бермеу үшін қабылданып жатқан алдын алу және сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берген. Осы ретте биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын қатерлерді жоюға қатысты 769 ұсыным мен ұсыныс енгізген.

Кездесу соңында президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін атап өткен.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырған.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016304-53-i-arturli-dengeidegi-bassylar-birinsi-toqsanda-elmizde-400-den-asa-tulganyn-zemqorlyq-areketi-askere-bolgan/

pixel