Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев стратегиялық шешімдер қабылдауда бизнестің ұстанымын ескеру керектігін айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Райымбек Баталов
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

Райымбек Баталов президентке шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдерін жетілдіру, отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі Палатаның қызметі туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар кездесуде еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды. Баталов шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеудің маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарламада отандық инвестицияны ынталандыру үшін орта бизнесті дамытуға баса мән берілуі қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық шешімдер қабылдау барысында бизнестің ұстанымын ескеру маңызды екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016367-toqaev-strategiyalyq-sesimder-qabyldauda-biznestin-ustanymyn-eskeru-kerektigin-aitty/

pixel