Жаңадан екі орынбасар тағайындалды: ҰҚК-да кадрлық ауыс-түйіс болды
Жарияланған күні:
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен:
- Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына;
- Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Нұрғали Білісбеков 2013 жылғы наурыздан бастап ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016603-zanadan-eki-orynbasar-tagaiyndaldy-ulttyq-qauipsizdik-komitetinde-auys-tuiis-boldy/