Тоқаев Иран президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі елдің басшылары бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтаған.
Сондай-ақ олар Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылаған. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өткен.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016842-toqaev-iran-islam-respublikasynyn-prezidenti-ibraxim-raisimen-telefon-arqyly-soilesti/