Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Хабар" агенттігінің төрағасы Берік Уәлиді қабылдады

Опубликовано:

Президент Берік Уәлиді қабылдады
Президенттің қабылдауы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" агенттігі" АҚ-ның басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Берік Уәли президентке "Хабар" агенттігінің қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімет берген.

Атап айтқанда, агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шаралары, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешім тапқан.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысына агенттікті техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары туралы, сонымен қатар 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы айтқан.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалап, оның мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2017268-prezident-xabar-agenttiginin-toragasy-berik-ualidi-qabyldady/

pixel