Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі Тоқаевқа жанар-жағармай нарығын үздіксіз қамтамасыз ету шаралары туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Алмасадам Сәтқалиев президентке еліміздің отын-энергетика кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, жанар-жағармай нарығын үздіксіз қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобаларын одан әрі дамыту мәселесі туралы баяндаған.

Сондай-ақ ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету және жалпы газ саласын дамыту шаралары жөнінде мәлімет берген. Энергетика министрі биыл Қазақстанда тауарлық газды үнемдеп тұтынуды ынталандыру үшін энергия тиімділігін арттыру жоспары әзірленетінін де айтқан.

Бұдан бөлек, Алмасадам Сәтқалиев мемлекет басшысына генерация секторындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясының тапшылығын жою, электр энергетикасы саласын реттеу тәсілдерін жетілдіру және нарықты дамытудың жаңа моделін енгізу перспективалары туралы ақпарат берген.

Кездесу соңында президент еліміздің энергетика инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың, сонымен қатар мұнай-газ жобаларын уақытылы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2017277-energetika-ministri-toqaevqa-elimizdin-zanar-zagarmai-narygyn-uzdiksiz-qamtamasyz-etu-saralary-turaly-aitty/

pixel