Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Чехия премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петр Фиала
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петр Фиала. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Сіз елімізге үлкен бизнес-делегация алып келдіңіз. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ілгерілетуге пайдасы өте зор бизнес форум өтеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Чехия президенті лауазымына сайланған Петр Павелге құттықтауын жолдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде көлік-логистика саласын нығайту перспективаларына баса мән берілді. Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Президент Чехияның ресми өкілдерін қабылдады
Президент Чехияның ресми өкілдерін қабылдады. Фото: Ақорда

"Чехия Республикасынан энергетика, машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина өнеркәсібі және фармацевтика секілді экономиканың түрлі салаларына құйылатын инвестицияны құптаймыз. Сондай-ақ елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашамыз деп сенеміз", – деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Петр Фиала Чехияның елімізбен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

"Чехия Республикасы Қазақстанмен бұрыннан достық қарым қатынас орнатқан және оны жалғастырамыз деп сенеміз. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан – біз үшін өте маңызды серіктес. Қазақстан мен Чехия Республикасының ынтымақтастығы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың аса маңызды тірегінің бірі саналады, – деді Чехия премьер-министрі.

Сонымен қатар кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2017997-toqaev-cexiya-premer-ministri-petr-fialany-qabyldady/

pixel