Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ет жемеймін, былғары тон кимеймін, басым бос": ең жас министр Сүлейменова өзі туралы қызықты мәліметтерді бөлісті

Жарияланған күні:

Зүлфия Сүлейменова
Зүлфия Сүлейменова. Видеодан кадр: youtube.com/@QazaqstanTV

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Qazaqstan телеарнасындағы "1001 түн" бағдарламасында қонақ болып, өзі туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдарламада ең жас министр экология төңірегіндегі мәселелер, климаттың өзгеруіне байланысты жасалып жатқан жоспарлар туралы да айтты.

Жүргізушінің "жұмыс қиын ба? Біраз салмақ тастапсыз. Кітап оқуға уақыт бар ма?" деген сұрағына Сүлейменова былай деп жауап берді.

"Салмақ тастаған сияқтымын. Жұмысым қызықты. Экология мәселесі өте көп. Экология саласындағы өзгерістерге деген сұраныс та, сол жағынан бізге қойылатын талап та көп. Қазір кітап оқитын уақыт жоқ. Бірақ, аудиокітаптар тыңдаймын. Қазір Нельсон Манделаның биографиясы туралы аудиокітап тыңдап жүрмін. Жаттығу залына барып тұрамын", - дейді ол.

Сондай-ақ министр ет жемейтінін, былғары тон кимейтінін тағы да еске салды. Сыйлыққа кітап алғанды ұнататынын атап өтті.

"9 жыл бұрын ет жеуді қойдым. Ең алдымен, денсаулығым үшін, одан басқа ет жемеген экология үшін де жақсы. Ал бағалы тондарға келсек, 2019 жылы Жапониядан кеткенде 3 ай шамасында 1 чемоданмен жүрдім. Сол кезде адамға бақытты болу үшін көп нәрсе қажет емес екенін білдім. Бағалы тон да керек емес. Анам да бағалы тон кимейді. Оның қажеті жоқ", - дейді министр.

Бұдан бөлек, Зүлфия Сүлейменова ата-анасының мемлекеттің қызметке ешқандай қатысы жоғын да айта кетті. Жеке өміріне қатысты сұраққа да жауап беріп, тұрмыс құрмағанын жеткізді.

"Басым бос. Тұрмыс құрмағанмын. "Жүрегімді жаулайтын адамға мынадай болу керек" деген критерий жоқ. Менің ойымша, өмірде ең бастысы - адам болып қалу. Білімі де, материалдық жағдайы маңызды емес. Ал экобелсенділікке келетін болсақ оны үйретіп алуға болады", - дейді министр.

Айта кетелік, Зүлфия Сүлейменова еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып, биыл 4 қаңтарда тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2018360-9-zyl-buryn-et-zeudi-qoigam-tangy-6-da-zalga-baram-en-zas-ministr-suleimenova-ozi-turaly-qyzyqty-malimetterdi-bolisti/