Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Даңқты отандастарымызды шыққан тегіне қарамастан, шетелде үнемі қазақтар деп атайды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясының отырысында ел азаматтары өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының, қазақ ұлтының мүшесі сезінетінін айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының отырысында президент даңқты отандастарымызды, спортшыларымызды, мәдениет қайраткерлерімізді, ғалымдарымыз бен студенттерімізді, кәсіпкерлерімізді шыққан тегіне қарамастан, шетелде үнемі қазақтар деп атайтынын атап өтті.

"Бұл - табиғи құбылыс. Солай болуға тиіс. Біздің қоғам – ортақ идеалдар мен құндылықтар біріктірген еркін әрі жауапкершілігі мол азаматтардың одағы. Бұл – жалпыұлттық бірегейлігіміздің тағы бір жарқын көрінісі. Сондықтан бүгінде азаматтарымыздың барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының, шын мәнінде, қазақ ұлтының мүшесі сезінеді", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы елімізде өзімізге тән айрықша өмір сүру салты қалыптасқанын айтты.

"Біз бәріміз - бір отбасымыз. Бұл - артық айтқандық емес. Бұл - біздің шынайы болмысымыз.

Осы ретте біз мақтаныш ететін этномәдени әралуандығымыз ешқайда жоғалып кетпейді. Керісінше, біртұтас азаматтық негіз есебінен нығая түседі.

Елімізде түрлі мәдениет дәстүрлері жалпыұлттық бірегейліктің берік іргетасы болып қаланатын өзімізге тән айрықша өмір сүру салты қалыптасты. Осынау ерекше бірегейлігіміз уақыт тезіне төтеп беріп, қоғамдық сананың өзегіне айналды", - дейді президент сөйлеген сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2018482-solai-boluga-tiis-toqaev-danqty-otandastarymyzdy-syqqan-tegine-qaramastan-setelde-unemi-qazaqtar-dep-ataitynyn-aitty/

pixel