Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА отырысында сөз сөйлеуде
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА отырысында сөз сөйлеуде. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала беретінін атап өтті.

"Қазақ тілі - азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек.

Бұл тек салалық министрліктердің ғана емес, бүкіл қоғам болып шешетін тарихи міндет. Осы ретте асырасілтеушілік пен даңғазалыққа жол бермей, парасатты әрі дәйекті түрде әрекет еткен жөн. Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс. Сонымен қатар біздің қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет", - дейді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады.

"Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді. Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегінде оң көзқарас ұстану қажет", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар президент тіл мәселесіне қатысты барлық пікірталас этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие екенін түсіну маңызды екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2018495-toqaev-memlekettik-tildi-oqymagan-zane-tiisti-dengeide-mengermegen-azamattar-til-bilmegeni-usin-qysym-kormeuge-tiis/

pixel