Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанда жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындауды ұсынды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның ХХХІІ сессиясында Қазақстанда жаңа мемлекеттік сыйлық пен екі премия тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев ұсынған жаңа премиямен елдегі "бейбітшілік мен келісімді нығайтуға" атсалысқан азаматтарды марапаттайды.

"Қазақстан халқы ассамблеясының екі сыйлығын тағайындауды ұсынамын. Біріншісі – әдебиет пен журналистика саласындағы үздік жұмыстар үшін. Екіншісі – мәдениет пен өнер саласындағы үздік жұмыстар үшін. Бұл марапаттарды жеке авторлардың да, шығармашылық ұжымдардың да алуы маңызды. Бұл ретте ақшалай сыйлықтың мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмауы керек", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол елде жаңа орден тағайындауды ұсынды.

"Сонымен қатар жаңа мемлекеттік награда – Қазақстан халқы ассамблеясының "Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін" орденін тағайындау керек. Алғашқы лауреаттарға бұл наградаларды биыл қазан айындағы Республика күнінде тапсыруға болады. Біздің азаматтарымыздың елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қуатты жасампаздық серпін беретініне сенімдімін", – деді президент.

Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясының отырысына қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2018529-toqaev-qazaqstanda-zana-memlekettik-syilyq-tagaiyndaudy-usyndy/

pixel