Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен қала әкімі Мұрат Жүребеков қандай көлікпен жүретінін айтты

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: primeminister.kz

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүребеков пен облыс басшысы Ералы Тоғжановтың қандай көлік мінетіні белгілі болды. Шенеуніктер көлігінің маркасын "Диапазон" тілшісіне мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылым тілшісі Ақтөбе мен облыс басшылары қандай көлік мінетінін сұраған.

Ақтөбе әкімі Мұрат Жүребековтің айтуынша, ол 2014 жылғы Kia Quoris көлігімен жүреді.

"Мен көлік қолданамын. Сонымен қатар, жұмыс күндері және демалыс күндері көшелерді, тұрғын үйлерді, аулаларды аралаймын", - деді әкім.

Ал Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжановтың айтуынша, оның қызметтік көлігі  2012 жылғы Lexus.

"Мен ауылдар мен ауданға жаяу бара алмаймын. Өздеріңізі білесіздер, арақашықтығы жақын емес. Ал қалада барлық нысандарды жаяу аралай мүмкін емес. Меніңше, жаяу жүретін кейіп таныту ешкімге керек емес. Көлікпен жүретін жерде - көлікпен жүреміз. Ал жаяу жүретін орындарды жаяу аралаймыз", - деп түсіндірді Ералы Тоғжанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2018786-aqtobe-oblysynyn-akimi-eraly-togzanov-pen-qala-akimi-murat-zurebekov-qandai-kolikpen-zuretinin-aitty/

pixel