Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Құрақбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды

Опубликовано:

Дархан Құрақбаев
Дархан Құрақбаев. Фото: gov.kz

Дархан Құрақбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Дархан Құрақбаев 1983 жылы Торғай облысы (қазіргі Ақмола облысы) Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында дүниеге келген.

2000 - 2004 жылдары – Қаржы полициясы академиясын тәмәмдаған.

2004 - 2006 жылдары – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) Есіл аумағы бойынша Ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің анықтаушысы, тергеушісі.

2006 - 2008 жылдары – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының аға тергеушісі.

2008 - 2014 жылдары – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) тергеушісі, аға тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.

2014 - 2017 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер бойынша тергеушісі, тергеу басқармасы басшысының орынбасары.

2017 - 2021 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (тергеу жұмысы бойынша).

2021 - 2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Арнайы департаментінің басшысы.

2022 жылғы 11 қазаннан бастап жаңа қызметіне дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2018946-darxan-quraqbaev-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-is-qimyl-agenttigi-toragasynyn-orynbasary-boldy/

pixel