Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр елінде 83,9 мың гектар жерге күріш егіледі

Опубликовано:

күріш
Фото: Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының фейсбук парақшасынан

Сыр өңірінде егін егу науқаны басталды. Жалпы биыл Қызылорда облысында 195,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленуде. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 83,9 мың гектарға себіледі.

Сонымен қатар, аймақта әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін егу үшін 5 488 жергілікті тұрғынға қосымша 3 255 гектар жер нақтыланды. Бүгінде оның 2683 гектары ауылдық елді мекендердегі 4810 отбасына егін егуге берілуде.

Мұнан өзге, биылғы егін егуге шаруашылықтар қажетті тұқым және тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.

Трактор
Фото: Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының фейсбук парақшасынан

"Бүгінде қажетті 61,2 мың тонна тыңайтқыштардың 97,2 пайызы және 80,7 мың литр гербицид көлемінің 21,1пайызы сатып алынды. Тыңайтқыштар мен гербицидтер қажеттілікке сәйкес алынуда. Бұған қоса, қолда бар 3 979 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толығымен жөндеуден өткізіліп, егін егу жұмыстарына қатысуда. Облыста көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін 12,1 мың тонна дизель отыны бөлініп, кестеге сәйкес белгіленген операторлар арқылы жеткізілуде. Шаруашылықтардың көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажеттілігі 19,8 млрд теңгемен толық қаржыландырылды", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Қазіргі таңда ерте егілетін ақ егіс дақылдарын егу жалғасуда. Атап айтқанда, ерте көктемде егілетін барлығы 36,6 мың гектар дақылдар көлемінен, бүгінгі күнге 32,3 мың гектары егілді. Мұнан өзге, 46,3 мың гектар ескі жоңышқа мен 4,8 мың гектар күздік бидай күтімге алынды. Бүгіннен бастап облыс шаруашылықтары күріш егу мен оны суға бастыру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кеткен жөн, картоп, көкөніс, бақша, жүгері және тағы да басқа дақылдарды егуді оңтайлы мерзімдерін сақтай отырып, мамыр айының үшінші онкүндігі мен маусым айының бірінші онкүндіктерінде аяқталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019201-syr-elinde-839-myn-gektar-zerge-kuris-egiledi/

pixel