Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал журналист Нұрділдә Ораз басшылық қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Нұрділдә Ораз
Нұрділдә Ораз. Фото: instagram.com/batys_kz/

Танымал журналист Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Нұрділдә Серікұлы Ораз тағайындалған.

Нұрділдә Ораз 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" және ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын Құқық қорғау қызметі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы "31 арна" ЖШС "Информбюро" жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.

2004-2009 жылдары – "Астана" телеарнасының репортер-сарапшысы, "Қазақстан" ұлттық арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының редактор-жүргізушісі болған.

2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі қызметтерін атқарған.

2016 жылы Бас прокуратураның аппарат басшысының орынбасары, 2017 жылы "ОРТ-Еуразия" телеарнасы бас директорының орынбасары, 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрінің кеңесшісі болып, қызмет еткен.

Ал қазіргі тағайындауға дейін "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Қауіпсіздік департаментінде қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019213-tanymal-zurnalist-nurdilda-oraz-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel