Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bloomberg: ЕО Ресеймен сауда байланысы болғаны үшін Қазақстанға қарсы санкция салуы мүмкін

Опубликовано:

Еуроодақтың туы
Еуроодақтың туы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Еуроодақ елдері үшінші жақтағы мемлекеттерге қарсы жаңа санкция механизмін талқылап жатыр. Олардың пікірінше, бұл елдер Ресейге енгізілген шектеулерді айналып өтуіне жол беруде, деп хабарлайды Bloomberg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым хабарлауынша, жаңа механизм үшінші жақтағы елдерді Ресейге көмектесуге жол бермей, Мәскеумен ынтымақтасатын елдердің сауда арналарын жауып тастауға бағытталған. Егер бұл нәтиже бермесе, ЕО елдері негізгі тауарларды жеткізуге санкция салуы мүмкін.

Басылым Ресейге Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Қытайдан келетін импорт көлемі өскенін айтты.

"Ресейге Қазақстан, БАӘ, Түркия, Қытай және басқа елдерден жартылай өткізгіштер, интегралдық схемалар және т.б. технология түріндегі тауардың импорты өсті", - деп жазады мақала авторлары.

Аталған механизм мақұлданып, бекітілсе, санкция тізіміне қай елдер мен тауарлар енгізілетіні туралы шешім Еуроодақ мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданатыны айтылған. Басылым дереккөзіне сенсек, Еуроодақтың жаңа реттеуші механизмі алдымен Орталық Азия елдері мен Ресейге көршілес елдерге әсер етеді.

Қазақстан мен Ресейге қарсы санкциялар

Еске сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында Ресей президенті ел бойынша Украина аумағында әскери операция басталғанын хабарлаған болатын. Бұған жауап ретінде ЕО елдері мен басқа да мемлекеттер Ресей Федерациясына қарсы санкциялар сала бастады.

Санкциялардың жаңа пакеті осы күнге дейін енгізіліп, талқылануда. Мәселен, сәуір айында АҚШ пен "Үлкен жетілік" ұйымына мүше елдер Ресейге экспорт жасауға толықтай тыйым салуды қарастырып жатқаны белгілі болды. Бұл шара мамырда болатын G7 саммитінде мақұлдануы мүмкін.

Өткен жылдың сәуір айында бұрынғы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейге қарсы салынған санкцияларға қосылмағанын айтқан болатын.

"Біз бұл санкцияларға қосылмаймыз, бірақ біз үшін екі мәселе маңызды. Біріншіден, бұл санкциялар Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі керек. Екіншіден, біздің аймақ бұл санкцияларды айналып өту құралы ретінде пайдаланылмауы қажет", - деді экс-министр.

Қыркүйек айында АҚШ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанға Вашингтонның Ресейге салған санкцияларын орындауды тапсырған.

Ал тамыз айында экономистер Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының өсуіне алаңдаушылық білдірген болатын: биыл жарты жылдың ішінде тауар айналымының мөлшері шамамен 3,5 миллиард долларға жеткен. Содан кейін сарапшылар Қазақстанға қайталама санкция қолданылу қауіпі бар екенін айтқан еді.

Сондай-ақ ақпан айының соңында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға жасаған сапары барысында Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы баяндап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019494-bloomberg-eo-reseimen-sauda-bailanysy-bolgany-usin-qazaqstanga-qarsy-sankciya-saluy-mumkin/

pixel