Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар әскери қызметшіні марапаттады

Опубликовано:

Мемлекеттік наградалар
Мемлекеттік наградалар. Көрнекі фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

III дәрежелі "Айбын" орденімен:

1. Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы.

"Ерлігі үшін" медалімен:

1. Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі;

2. Рахматалиев Данияр Тілекбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

1. Алдабергенев Мейір Салқынбекұлы, Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі;

2. Рамазан Дәурен Қайратұлы, Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі марапатталды.

Айта кетелік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және тағы да басқа орган қызметкелеріне мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар мен сыныптық шендер тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019592-toqaev-birqatar-askeri-qyzmetsini-marapattady/

pixel