Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне "Халық қаһарманы" атағын берді

Опубликовано:

Соғыс ардагері
Соғыс ардагері. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне "Халық қаһарманы" атағын берді, деп хабарлайды Ақорда.

"1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі,  батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын.

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Степанович Гапичке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - делінген қаулы мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019764-toqaev-uly-otan-sogysynyn-eki-ardagerine-xalyq-qaharmany-atagyn-berdi/

pixel