Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саясиландырудың қажеті жоқ": мәжіліс төрағасы Тоқаевтың Мәскеудегі парадқа қатысуы туралы айтты

Опубликовано:

Ерлан Қошанов
Ерлан Қошанов. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Палата кулуарында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барғанын саясиландырмауды өтінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысы мен Ұлы жеңіс біздің ортақ тарихымыз екенін атап өтті.

"Бұны дұрыс сапар деп есептеймін. Бұл - біздің барлық бауырлас мемлекеттің ортақ тарихы. Сондықтан президент Ресей президентінің шақыруымен барды. Сол себепті де бұл парадқа барлық бауырлас мемлекеттің басшысы қатысты. Бұл соғыста қаза тапқан аталарымыз бен әкелерімізге көрсетілген құрмет деп ойлаймын. Бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ деп есептеймін", - деді мәжіліс төрағасы.

Ол мемлекет басшысының Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысқанын, сондай-ақ Ржевск мемориалына барғанын еске салды.

"Білесіз бе, Ржевск қаласында Мәскеуді қорғауда 22 мыңнан астам қазақстандық жауынгер қаза тапты. Ол (мемориалға – ред.) барып, батырларымызды еске алды.

Қазақстаннан соғысқа 1 миллион 200 мың адам кетті. Олардың жартысы қайтып оралмады, көпшілігі Ресейде жерленген. Соларды іздейтін, жоқтайтын біреу болуы керек емес пе? Ол қазақ халқы, президент болуы керек деп ойлаймын. Президент Ресейге сапары кезінде азаматтық және перзенттік парызын өтеді деп есептеймін", - деді Қошанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019942-sayasilandyrudyn-qazeti-zoq-mazilis-toragasy-toqaevtyn-maskeudegi-paradqa-qatysuy-turaly-aitty/

pixel