jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі

    Қытайдың CCTV телеарнасына Тоқаев сұхбат берді
    Қытайдың CCTV телеарнасына Тоқаев сұхбат берді. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы арнасында.

    "Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді", - делінген президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Сонымен қатар президенттің баспасөз қызметі Leaders Talk - халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама екенін атап өтті.

    Бұған дейін аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшысы мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген.

    Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.