Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Президент мұндай шараларды қолдамайды": Руслан Желдібай Тоқаевтың туған күніне қатысты сұраққа жауап берді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Екі күннен кейін мемлекет басшысы 70 жасқа толады. Осы орайда президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін қалай атап өтетіні жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды.

Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады.

Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, 17-19 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020625-prezident-mundai-saralardy-qoldamaidy-ruslan-zeldibai-toqaevtyn-tugan-kunine-qatysty-suraqqa-zauap-berdi/