Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ерікті болып қызмет еткен азамат ауыл әкімі болып сайланды

Опубликовано:

Төребай Әбдікәрімов
Төребай Әбдікәрімов. Фото: facebook.com/ Төребеай Асқарұлы

Түркістан облысында ерікті болып қызмет атқарған Төребай Әбдікәрімов Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінің әкімі болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің жазуынша, Жүйнек ауылдық округі әкімінің лауазымына екі кандидат ұсынылған.

Бірі – өзін-өзі ұсынған Әзімхан Омаров болса, екіншісі Amanat партиясының атынан түскен Төребай Әбдікәрімов. Сайлаушылардың басым бөлігі ерікті қызметін атқарып, елдің ықыласына бөленген Төребай Әбдікәрімовті қолдап, дауыс берген.

Сайлауалды бағдарламасына сәйкес енді жаңа ауыл әкімі көшелер мен жолдарды күтіп ұстау, елдімекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамту секілді жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр.

Агенттіктің мәліметінше, Төребай Әбдікәрімов 2018 жылдан бастап ерікті болып еңбек етіп келеді. Ол "Харекет" қайырымдылық қорының Түркістан облысындағы басшысы қызметін атқарған.

2020 жылдан бастап Asar Түркістан еріктілер тобы қоғамдық бірлестігін құрып, өңірдегі көптеген игі істің атқарылуына үлес қосқан.

Мәселен, елдегі карантин тұсында блок-бекеттерде сақтық шараларын қатаң сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тегін бетперделер таратқан. Мақтаарал ауданын су басқанда және Арыстағы апат кезінде жастарды біріктіріп, қираған үйлерді қайта қалпына келтіру істеріне үлес қосқа. Сондай-ақ Түркістан қаласында өрттен зардап шеккен отбасыларға үй салу шарасын ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020844-turkistan-oblysynda-erikti-bolyp-qyzmet-atqargan-azamat-auyl-akimi-bolyp-sailandy/

pixel