Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында "Бұхара-Орал" газ құбырының үшінші желісі салынады

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Фото: Актобе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Өңірде халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инженерлік желілер мен тұрғын үй-коммуналдық сала жұмысының жүйелі мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдануда.

статистика
Фото: Актобе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда, өңірдің таза ауыз сумен қамтылуы – 98,6%. 18 ауылды сумен жабдықтау, 14 ауылда кешенді блок-модульдер орнату жөніндегі жобаларды іске асыру нәтижесінде биылғы жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету 99,7%-ға жетеді.

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: Актобе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Біздің алдымызда Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін халықты 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында біз Президенттің тапсырмасын мерзімінен бұрын - 2024 жылы орындаймыз. Ақтөбе қаласында жылына 1,6 млрд текше метрді құрайтын газ дефициті орын алуда. Қыс мезгілінде қолданыстағы магистральдің газ жүктемесі 175%-ға дейін жетеді. Бұл мәселені шешпей, өңірімізде жоғарыда атап өткен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қиынға соғары анық. Осыған орай, 43,4 млрд теңгені құрайтын «Бұхара-Орал» газ құбырының үшінші желісінің құрылысы бастау алды. 2023 жылы мемлекеттік бюджеттен 11,1 млрд теңге қарастырылды», - деп атап өтті облыс әкімі.

Актобе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Актобе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауылдық елді мекендерді газдандыру жалғасуда. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша көгілдір отын 12 ауылдың тұрғындарына қолжетімді болады, бұл халықты газбен қамтуды 94,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2020955-aqtobe-oblysynda-buxara-oral-gaz-qubyrynyn-usinsi-zelisi-salynady/

pixel