Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр жеті жылдан бері қызметте отырған басшылардың тексерілетінін мәлімдеді

Опубликовано:

Орындық пен стол
Көрнекі сурет: pexels.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховпен бірге білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы жиналыс өткізді, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Жиналысқа 200-ге жуық мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылары, бухгалтерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Оқу-ағарту министрі сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес білім беру саласындағы басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

"Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізуде. Мұндағы алдын ала алынған мәліметтер бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резерві қалыптастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021439-ministr-zeti-zyldan-beri-qyzmette-otyrgan-bassylardyn-tekseriletinin-malimdedi/

pixel