Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында "Ауыл аманаты" жобасы аясында 4 мыңға жуық адам өз кәсібін бастаған

Опубликовано:

Қанатбек Мәдібек
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында "Ауыл аманаты" жобасы аясында 4 мыңға жуық адам өз кәсібін бастаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімнің орынбасары Қанатбек Мәдібек айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген "Халықтың табысын арттыру" бағдарламасын жемісті жүзеге асыру маңызды. 2019 жылы облыста басталған пилоттық жоба өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетіп, президент оны ел көлемінде масштабтандыру жөнінде міндет жүктегені белгілі. Жоба басталғалы 18,3 млрд теңге бөлініп, 24 ауылдағы 4 мыңға жуық адам өз кәсіптерін бастады", - дейді Қанатбек Мәдібек.

Қанатбек Мәдібек
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оның сөзіше, осы жылы жобаға қосымша 24 млрд теңге бөлінген.

"Бұған 26 ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынды несиелендіруді көздеп отырмыз. Яғни, тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс орындары ашылады. Нәтижесінде, осы жобамен қамтылған ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 113 мыңға артатын болады. Біз алдағы 2024-2025 жылдары республикалық бюджет есебінен 45,5 млрд теңгеге қалған 103 ауылдық округтегі 490 мың тұрғынды қамтуды жоспарлап отырмыз. Ауыл шаруашлығы саласын қолдауға ағымдағы жылы 27,4 млрд теңге субсидия бөлініп отыр", - дейді Қанатбек Қайшыбекұлы.

Қанатбек Мәдібек
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Қанатбек Мәдібектің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде ауыл шаруашылығы саласында 57,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,6 млрд теңгеге артқан (2022 жылы – 52,9 млрд теңге).

"Ауыл шаруашылығы дақылдары 770,4 мың гектарға орналастырылып, 14,4 мың гектарға ұлғайды (2022 жылы – 756,2 мың га.). Өңірде қант өндірісін дамытуға аса мән беріліп отыр. Мысалы, қант қызылшасы алқабының көлемін өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға ұлғайтып отырмыз. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз", - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2021590-zambyl-oblysynda-auyl-amanaty-zobasy-ayasynda-4-mynga-zuyq-adam-oz-kasibin-bastagan/

pixel