Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттікке үміткер болған Салтанат Тұрсынбекова жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Салтанат Тұрсынбекова
Салтанат Тұрсынбекова. Фото: Facebook/Saltanat Tursynbekova

Қазақстан президенттігіне үміткер болған Салтанат Тұрсынбекова Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтында хабарланды.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық ұжымына жаңа басшыны Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев таныстырған.

Омбудсмен Салтанат Тұрсынбекованың айтарлықтай уақыт құқық қорғау саласында белсенді түрде жұмыс атқарып келе жатқанын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы БҰҰ құрылымдары зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімді ұлттық стратегияларының бірі деп таныған "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасының бастамашысы болып табылатынын атап өткен.

Сонымен қатар Артур Ластаев Салтанат Тұрсынбекованың адам құқықтарын қорғау саласындағы жұмысты жақсы білетінін, қарапайым қызметкерден бастап басшыға дейін мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткенін айта кеткен.

Салтанат Пархатқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарихшы-қоғамтанушы, Мәскеу мемлекеттік заң академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

20 жылдан астам мемлекеттік қызметте, оның ішінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Жоғарғы сотта және Бас прокуратурада жұмыс істеген.

Ол елімізде 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде "Қазақ аналары - дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022017-prezidenttikke-umitker-bolgan-saltanat-tursynbekova-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel