Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахая
Қасым-Жомарт Тоқаев және шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахая. Фото: aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға ілтипат білдіре отырып, бүгінгі кездесу екі елдің ынтымақтастығын нығайту жолдарын талқылауға орайлы сәт екенін атап өткен.

"Биыл жыл басында Әмірліктерге жасаған сапарымды және ел басшылығымен өткізген кездесулерімді жылы сезіммен еске аламын. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел халықтарының игілігі үшін қызмет етіп жатқанын ерекше атам өтемін. Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас ел.

Мұны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Әмірліктердің ел көркеюіне қосқан үлесін достық пен тығыз ынтымақтастықтың жарқын бейнесі деп қабылдаймыз. Мүмкіндікті пайдаланып, Араб Әмірліктерінің басшылығына алғысымды білдіремін және президент шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға ыстық ықыласқа толы сәлемімді жолдаймын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомартқа Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан мен БАӘ қатынастары қарқынды дамып келе жатқанына назар аударған.

"Сіздің қаңтар айында БАӘ-ге жасаған ресми сапарыңыз достас екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан табысты болды. Еліңізбен арадағы қарым-қатынасымыздың тарихы тереңде. Бүгінде халықаралық және аймақтық жағдайларға қарамастан, көптеген салада ынтымақтастығымыз нығайып келеді. Бірлескен инвестициялық жобаларымызды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін сізге және Қазақстан үкіметіне ризашалығымызды білдіреміз", - дейді шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян.

Сондай-ақ кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылған. Президент Әмірліктер компанияларының мүмкіндіктері мен тәжірибесі мол екенін айта келіп, оларды ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы, тау-кен өндірісі, құрылыс, көлік және логистика, қаржы, туризм салаларындағы жобаларға белсенді қатысуға шақырған.

Кездесу соңында президент екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022236-toqaev-abu-dabi-amirligin-bileusi-aulettin-okili-seix-surur-ben-muxammed-al-naxayanmen-kezdesti/