Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жеткен Ердоғанды құттықтады

Опубликовано:

Режеп Тайип Ердоған және Қасым-Жомарт Тоқаев
Режеп Тайип Ердоған және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.

"Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді", – деп жазды президент Twitter желісінде.

Айта кетейік, жексенбі, 28 мамырда Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған 52,14 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Ал оның қарсыласы, оппозиционер Кемаль Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады.

Еске сала кетсек, Түркияда президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өткен болатын. Алайда ол кезде кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған еді.

Ереже бойынша кандидат сайлауда жеңіске жету үшін сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022377-toqaev-turkiyadagy-prezident-sailauynyn-ekinsi-kezeninde-zeniske-zetken-erdogandy-quttyqtady/

pixel