Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-ға және Қырғызстанға барады: Ақорда Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қасым-Жомар Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.

Сапар барысында мемлекет басшысы өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

30 мамыр күні президент Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Ал 2 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022401-bugin-sqo-ga-zumys-saparymen-barady-aqorda-toqaevtyn-osy-aptadagy-zumys-kestesin-zariyalady/

pixel