Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен СҚО-ға барды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында мемлекет басшысы өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айының басында мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровпен кездескен еді.

Сол кезде облыс әкімі президентке өңірде ауыл шаруашылығын дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндаған болатын.

Сонымен қатар облыс басшысы өңірде 650 шақырым жол жөнделіп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын, 16 мыңнан астам адам тұратын 22 ауылды сумен қамтамасыз ету ісі жақсартылатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022423-toqev-zumys-saparymen-sqo-ga-bardy/

pixel