Мәскеудегі саммит кезінде Путин Тоқаевқа хат ұсынды: онда не туралы жазылғаны белгілі болды
Жарияланған күні:
Желіде Мәскеуде өткен ЕАЭО саммитінде түсірілген видео пайда болды. Онда Ресей федерациясының президенті Қырғызстан президенті арқылы Тоқаевқа хат бергені көрсетілген. Бүгін Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хатта не жазылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналист әрі "Мәскеу. Кремль. Путин" жобасының жүргізушісі Павел Зарубин өзінің Telegram-дағы арнасында телешоудың үзіндісін жариялады.
Онда Ресей президенті Мәскеудегі саммитте Қазақстан басшысына хат бергені көрсетілген.
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы жазбаның мазмұнын айтып берді.
"Хатта ЕАЭО басшыларының шағын құрамдағы кездесуі барысында қойылған сұраққа ресейлік тараптың жауабы қамтылған. Онда қазақстандық жүк жөнелтуші компаниялардың ресейлік теміржол арқылы ішкі тарифтер бойынша тасымалдауға қолжетімділігі туралы сөз болды.
Президент біздің үкіметке 2015 жылғы ЕАЭО құру туралы шарттың қағидаттары негізінде осы мәселе бойынша ресейлік тараппен келіссөздерді жалғастыру туралы тапсырманы хат арқылы тапсырды", - деп түсіндірді Руслан Желдібай.
Еске салайық, өткен аптада мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022495-maskeudegi-sammit-kezinde-putin-toqaevqa-xat-usyndy-onda-ne-turaly-zazylgany-belgili-boldy/