Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді

Опубликовано:

Президент кортежі
Президент кортежі. Фото: Telegram/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан президентімен қатар Ресей федерациясының президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.

Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022056-toqaev-zogary-euraziyalyq-ekonomikalyq-kenestin-otyrysyna-qatysu-usin-ulken-kreml-saraiyna-keldi/

pixel