Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады (фото, видео)

Опубликовано:

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Фото: t.me/aqorda_resmi

Ақордада бес елдің төтенше және өкілетті елшілерінің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, сенім грамоталарын Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Науман Башир Бхатти, Корея Республикасының елшісі Тэ-ик Чжо, Филиппин Республикасының елшісі Игорь Гарлит Байлен, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Джанита Абейвикрема Лиянге және Ангола Республикасының елшісі Аугушту Да Сильва Кунья тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.

Сондай-ақ президент олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

"Қазақстан бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат жүргізеді. Біз ынтымақтастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен тығыз қарым-қатынасқа ашықпыз. Сіздердің миссияларыңыз өте табысты болады деп сенемін. Қазақстан Үкіметі мен Президент Әкімшілігі Қазақстандағы миссияларыңызға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастықты нығайта отырып, зор нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022619-toqaev-birqatar-memlekettin-elsilerinen-senim-gramotalaryn-qabyldady-foto-video/

pixel