Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жазба жариялады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өзінің Twitter парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді.

Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе.

Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз.

Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай президенттің баспасөз қызметі арнайы видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022736-toqaev-sayasi-qugyn-surgin-zane-asarsylyq-qurbandaryn-eske-alu-kunine-orai-zazba-zariyalady/

pixel