Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қарсы алуда
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қарсы алуда. Видеодан кадр: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді және бірқатар кездесу өткізеді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы рет былтыр қараша айында Алматыға жұмыс сапарымен келген болатын.

Сапар барысында президент мультибрендті автомобиль зауытының құрылысын бастауға рұқсат беріп, ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына қойылған ескерткішті ашты.

Сондай-ақ халықпен кездесуде мемлекет басшысы сағаттап созылатын кептелістер қала тұрғындарына және мегаполис экологиясына кері әсерін тигізетінін айтып, қаладағы тұрғын үй бағасын сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022758-toqaev-almatyga-zumys-saparymen-keldi/

pixel