Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевты қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жойылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Қылмыстық кодекстен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын 373 және 374-баптар алып тасталуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген құжаттың жобасы мәжілістің ресми сайтында 23 мамырда жарияланған.

Құжаттың толық атауы - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы деп аталады.

Мәжіліс сайтындағы салыстырмалы кестеде Қылмыстық кодекстен тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), тұңғыш президентке қол сұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау ұсынылғанын көруге болады.

Агенттік ақпаратынша, қазіргі уақытта заң жобасы парламент мәжілісінде қаралуда.

Әділет министрлігіндегілер заңнамаға осындай өзгеріс енгізу ұсынылып, мәжіліс қарауында жатқанын растаған.

"Заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), тұңғыш президентке қол сұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта заң жобасы парламент мәжілісінде қаралуда", - делінген министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022795-abyroiyna-nuqsan-keltiru-qol-suqpausylyq-kepildigin-zoyu-qylmystyq-kodekstegi-tungys-prezidentke-qatysty-baptardyn-kusi-zoiyluy-mumkin/